Бүгін 7 қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады. 

Бүгін 7 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: freepik.com

Синоптиктердің болжамы бойынша, 17 қазанда Петропавл, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.