05:05, 06 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Бүгін 8 қалада ауа ластанады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін еліміздің 8 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

«2024 жылғы 6 желтоқсанда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында күтіледі»,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Осыған дейін еліміздің 12 қаласында ауа ластанатыны туралы жаздық.