Бүгін 9 қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің 9 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. 

Бүгін 9 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Kazinform

- 18 ақпанда ауа сапасының нашарлауына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында болады, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске салсақ еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланған еді.

Соңғы жаңалықтар