08:45, 03 Наурыз 2025 | GMT +5
Бүгін Ақтауда мектеп оқушылары қашықтан оқиды
АҚТАУ. KAZINFORM — Ауа райының қолайсыздығына байланысты жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық және 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі хабарлады.

Сондай-ақ күн райының күрт бұзылуына байланысты сағат 08:00 жағдай бойынша 1 Маңғыстау облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
— «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 332-718 шақырым аралығында (Бейнеу а. — Жетібай а.) жол жабылды, — деп жазды ҚазАвтоЖол.
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 127 арнайы техника мен 188 маман жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін бүгін ел аумағында тұман түсіп, көктайғақ болатынын жазған едік.