Бүгін Алматы мен Ақтөбеде ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Алматы мен Ақтөбеде жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

ауа сапасы
Фото: Pexels

«2024 жылдың 28 мамырында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы және Ақтөбе қалаларында күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Астана мен Санкт-Петербург арасындағы әуе қатынасы қайта жанданды
Ұқсас жаңалықтар

Астана мен Санкт-Петербург арасындағы әуе қатынасы қайта жанданды