9 тамызда Алматы мен Атырауда ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM — 9 тамыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

Метеоусловия, погода, город, экология
Фото: wirestock на Freepik

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 9 тамыз, жұма күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы, түнде Атырау қаласында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

АҚШ Германиядағы шамамен 5 мың әскерін бір жылдың ішінде шығарады
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ Германиядағы шамамен 5 мың әскерін бір жылдың ішінде шығарады