Бүгін Алматы мен Атырау қаласының ауасы ластанады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

ауа сапасы, экология
Фото: Pexels

— 7 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы қаласында және түнде Атырау қаласында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Атырау мұнай өңдеу зауытында экологиялық заң бұзу анықталды.

Бұған дейін Алматыда тексерілген әр төртінші көлік экологиялық нормаға сәйкес келмейтіні белгілі болды.

Сондай-ақ Қарағанды облысында экологтер шахтаға 2 млн теңге айыппұл салды.