Бүгін Алматы мен тағы бір қалада ауа сапасы төмендейді
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 3 қазанда Алматы қаласында, ал Атырау қаласында түнде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытына экологиялық талаптарды бұзғаны үшін айыппұл салынды.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы экология заңнамасын бұзған кәсіпорынға 100 млн теңгеден астам айыппұл салды.
Ал Алматыда 2040 жылға дейін экологияға әсер ететін 276 кәсіпорын қаладан шығарылады.