05:01, 28 Сәуір 2025 | GMT +5
Бүгін Алматыда ауа ластанады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның бір қаласында жайсыз метеорлогилық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

-2025 жылғы 28 сәуірде Алматы қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, елімізде ауа сапасы нашарлаған қалалар саны азайды.