Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM – 15 мамырда республиканың басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

ауа сапасы
Фото: Pexels

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, тек Алматы қаласында ауа сапасы біршама нашарлап, метеорологиялық жағдай жайсыз болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Алма-Арасан шатқалында жасөспірім жартастан құлап кетті
Ұқсас жаңалықтар

Алма-Арасан шатқалында жасөспірім жартастан құлап кетті