Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM – 14 мамырда республиканың басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

ауа
Фото: Pexels

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, тек Алматы қаласында ауа сапасы біршама нашарлап, метеорологиялық жағдай жайсыз болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

АҚШ Германиядағы шамамен 5 мың әскерін бір жылдың ішінде шығарады
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ Германиядағы шамамен 5 мың әскерін бір жылдың ішінде шығарады