Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бүгін Алматыда және тағы төрт қалада ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Kazinform

1 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Балқаш қалаларында, түнде Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Түркістан облысында экологиялық заңнаманы бұзудың 73 дерегі анықталды.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында биыл экология заңнамасын бұзғандарға 21 млн теңгеден астам айыппұл салынды.