05:05, 05 Ақпан 2025 | GMT +5
Бүгін алты қалада ауа ластанады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның алты қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

- 2025 жылдың 5 ақпанда Павлодар, Семей, Риддер, Ақтобе, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтілуде, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Осыған дейін еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғаны туралы жаздық.