Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM - 28 қаңтар күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 20 желтоқсан, сәрсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Тек Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.