Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметі бойынша, 25 шілдеде Өскемен, Риддер, Шымкент, Алматы қалаларында, түнде Атырау және Астана қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.