Бүгін — армиялық авиация күні

АСТАНА. KAZINFORM — Кәсіби мереке 1992 жылғы 29 желтоқсаннан бастау алады. Дәл осы күні Қазақстан Республикасы Әскери-әуе күштерінің құрамына Үшарал қаласында орналасқан 01852 әскери бөлімі алғаш рет енгізіліп, оған «486-шы жеке тікұшақ полкі» атауы берілді.

Армиялық авиация
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде Әскери-әуе күштерінің құрамдас бөлігі ретінде армиялық авиация Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерін авиациялық қолдауға, оқу-жаттығу, жауынгерлік және арнайы міндеттерді орындауға бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асырады. Оның қару-жарағында Ми-17В-5, Ми-8МТ, Ми-171Ш, Ми-172, Ми-24В, Ми-35М, EC-145, UH-1H-II және Ми-26 тікұшақтары бар.

армиялық авиация
Фото: Қорғаныс министрлігі

Тікұшақтардың жоғары маневрлік қасиеттері атысқа қолдау көрсетуге, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын басуға және басқа да мінддеттерді орындауға мүмкіндік береді. Олардың көмегімен әуе барлауы, артиллериялық нысананы анықтау және атысты түзету, әуеден миналау, радиоэлектрондық күрес міндеттері орындалады.

Винтті әуе кемелері тактикалық әуе десантын және барлау-диверсиялық топтарды түсіру, жүктерді, оқ-дәрілерді, әскери техниканы тасымалдау және жаралыларды эвакуациялау үшін де қолданылады.

армиялық авиация
Фото: Қорғаныс министрлігі

Жауынгерлік және көліктік тікұшақтарсыз республикалық және халықаралық деңгейдегі бірде-бір оқу-жаттығу, сондай-ақ әскери және әуе шерулері өтпейді. Қажет болған жағдайда армиялық авиация экипаждары төтенше жағдайлар кезінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізеді және өрттерді сөндіруде ТЖМ-ге көмек көрсетеді. Атап айтқанда, 2024 жылғы су тасқыны кезінде армиялық авиация экипаждары су басқан елді мекендер мен қыстақтардан жүздеген тұрғынды эвакуациялады.

Армиялық авиация
Фото: Қорғаныс министрлігі

Армиялық авиацияның жеке құрамы тәулік бойы кезекшілік атқарып, жоспарлы да, күтпеген міндеттерді орындауға әрдайым дайын. Ұшқыштардың жоғары кәсібилігінің, жеделдіктің және бөлімшелердің ұтқырлығының арқасында барлық қойылған міндет қысқа мерзімде, уақыт пен ресурстарды барынша үнемдей отырып, барынша тиімді орындалады.

армиялық авиация
Фото: Қорғаныс министрлігі

Бұдан бұрын Kazinform тілшісі Қорғаныс саласындағы өзгерістерге шолу жасаған еді.

Соңғы жаңалықтар