Бүгін Астана мен 9 қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК 18 қаңтар күні Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады.

ауа сапасы
Фото: Kazinform

Атап айтқанда, бейсенбіде Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.