Бүгін Астана мен Алматыда және тағы 7 қалада ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Бүгін еліміздің 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет
Фото: Pixabay

– 7 маусымда Астана, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Талдықорған қалаларында, түнде Алматы, Ақтөбе, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске сала кетсек, Өзбекстан ауасы ең лас әлем елдерінің рейтингісінде 59-шы орынға жайғасты.

Ал жуырда Абай, Ұлытау және Алматы облыстарында жаңа экозертханалар құрылды. Олар өңірдегі атмосфералық ауаға, өнеркәсіптік шығарындыларға, көлік құралдарынан шығатын газдарға сынама жүргізеді.