Бүгін Астанада 4 автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгереді
АСТАНА. KAZINFORM — Бас қалада № 19, 28, 52, 66 бағдарлардың қозғалыс бағыты уақытша өзгереді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлім етті.
Еске сала кетейік, елордада Керей Жәнібек хандары көшесінің Ә. Бөкейхан көшесінен Ш. Мұртаза көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 21-25 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс толықтай жабылатын болады.
Бұған дейін № 303, 323, № 5, 5А бағдарлардың қозғалыс бағыты уақытша өзгергенін жаздық.