03:01, 30 Сәуір 2025 | GMT +5
Бүгін Атырауда ауа ластанады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Атырауда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

-2025 жылғы 30 сәуірде ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары түнде Атырау қаласында туындайды,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, елімізде ауа сапасы нашарлаған қалалар саны азайды.