Бүгін Атырауда ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Атырау қаласында жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-сы.

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«2024 жылғы 19 тамызда түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.