08:22, 23 Мамыр 2024 | GMT +5
Бүгін Атырауда ауа ластанады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Атырауда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптаспы, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

«2024 жылдың 23 мамырында Атырау қалаcында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.