Бүгін «Барыс» Беларусьте «Динамо» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 21 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізеді.

Бүгін «Барыс» Беларусьте «Динамо» командасымен кездеседі
Фото: hcbarys.kz

Ойын елорда уақытымен 21:10–да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 32 мәрте кездескен. Оның 15-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі алты кездесудің бесеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Енді қазақстандық команда бұдан кейінгі бір ойынын сырт айдында өткізіп, 23 қазанда ресейлік «Сибирь» (Новосібір) командаларымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб «Барыс» Ресейде «Локомотивтен» жеңіліп қалды.