Бүгін «Барыс» елордада Ресейдің «Витязь» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 28 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасына қарсы өткізеді.

Барыс ХК
Фото: Барыс ХК

Ойын елорда уақытымен 15:00–дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 35 мәрте кездескен. Оның 22-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді. 21 қыркүйекте «Барыс» аталған қарсыласынан (1:4) жеңіліп қалған еді.

Қазақстандық команда бұдан кейінгі тағы бір ойынын Астанада өткізіп, 30 қыркүйекте «Торпедо» (Нижний Новгород) командасымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» командасының бас бапкері Дэвид Немировски қызметінен кетті. Сондай-ақ оның орнына ресейлік маман Вячеслав Буцаев тағайындалды.

Нәтижесінде «Барыс» жаңа бапкермен екінші жеңісіне жетті.

Соңғы жаңалықтар