Бүгін «Барыс» Ресейде «Лада» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 9 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Лада» (Тольятти) командасына қарсы өткізеді. Ойын елорда уақытымен 19:50-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бүгін «Барыс» Ресейде «Лада» командасымен кездеседі
Фото: hcbarys.kz

Екі команда бұған дейін 20 мәрте кездескен. Оның 7-еуi елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен. 

Кейінгі алты кездесудің бесеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына жіберді.
Қазір турнир кестесінде «Барыс» 24 ұпаймен 22-орында тұрса, «Лада» 37 ұпаймен 20-орында келеді.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі тағы бір ойынын сырт айдында өткізіп, 11 қаңтарда Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын 5 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында «Ладаға» есе жіберген еді.

Соңғы жаңалықтар