Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бүгін батыс пен шығыс өңірдегі қалаларда ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

ауа сапасы
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

— 12 тамызда Алматы, Ақтөбе, Атырау, түнде Семей, Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Қарағанды облысында экологиялық заңнама талаптарын бұзған кәсіпорынға 8,65 млн теңге айыппұл салынды.

Ал Атырауда экологиялық тексерісті парамен шешпек болған басшы 270 млн теңге айыппұл арқалады.