Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бүгін батыстағы екі қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Ауа сапасы
Фото: Magnific.com

— 23 тамызда Ақтөбе қаласында, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Атырауда экология талаптарын бұзғандарға 2,4 млрд теңге айыппұл салынды.

Ал Түркістан облысында жылыжай саны артқан сайын олардан шығатын түтін мен атмосфераның ластануына қатысты тұрғындардың шағымы да жиілеп келеді.