Бүгін батыстағы екі қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды
Фото: Freepik

— 23 мамырда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Орал, Ақтөбе қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, соңғы үш жыл ішінде елордада атмосфералық ауаның сапасы жақсарып, Есіл өзенінің экологиялық жағдайында оң өзгерістер байқалған.