Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM - 1 сәуірде еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.

ауа сапасы
Фото: Pexels

Синоптиктердің болжамы бойынша, тек Атырау, Ақтөбе, Орал, Алматы, түнде Астана қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

«Оқжетпес» футбол клубы
Ұқсас жаңалықтар

ҚПЛ: «Оқжетпес» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді