Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: freepik.com

Синоптиктердің болжамы бойынша, 31 қазанда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Петропавл, Қостанай, Астана, Алматы қалаларында және түнде Атырау қаласында болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.