Бүгін бокстан әлем кубогында кімдер шаршы алаңға шығады

АСТАНА. KAZINFORM - World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтетін бокстан әлем кубогында 20 сәуірде ел құрамасынан кімдер шаршы алаңға шығатыны белгілі болды.

World Boxing: Азия чемпионаты ширек финалына 21 елдің боксшылары шықты
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткізіледі.

Күндізгі сессия

2-жұп. А рингі. 54 келі. 1/16 финал. Назым Қызайбай - Айсен Таскин (Түркия)

8-жұп. В рингі. 60 келі. 1/16 финал. Жансері Көшербаев - Джуд Галлахер (Ирландия)

10-жұп. А рингі. 90 келі. 1/8 финал. Дәулет Төлемісов - Фильо Исайас (Бразилия, Ливерпульдегі әлем чемпионатының күміс жүлдегері)

Кешкі сессия

4-жұп. В рингі. 70 келі. 1/16 финал. Фарух Тоқтасынов - Джон МакКоннел (Ирландия)

13-жұп. А рингі. 80 келі. 1/16 финал. Диас Молжігітов - Кай Ториабе (Жапония).

Сондай-ақ ел құрамасынан әлем кубогында олардан басқа Даниял Сәбит (50 келі), Бағлан Кенжебек (55 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 65 келі, Санжарәлі Бегалиев ( 75 келі), Сұлтан Айбарұлы (85 келі) шаршы алаңға шығады.

Ал әйелдер құрамасында Алуа Балқыбекова (55 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Наталья Богданова (70 келі), Жібек Жарасқызы (80 келі), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) бар.

Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 19:00 -де және кешкі сессия 01:00-де басталады.