Бүгін бір қалада ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

метеоусловия, НМУ
Фото: Kazinform

– 2025 жылғы 29 шілдеде түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, айдың соңғы күндерінде ел аумағындағы ауа райы жағдайына кең ауқымды циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.

Соңғы жаңалықтар