Бүгін бір мегаполисте ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Өскеменде ауа сапасы нашарлады
Фото: Қала тұрғындарынан

Синоптиктердің болжамы бойынша, 3 қаңтарда Алматы қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы болуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске сала кетейік, бұған дейін 3 қаңтарда еліміздің өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын, қар, бұрқасын, көктайғақ болатынын жазған болатынбыз.