04:37, 09 Сәуір 2025 | GMT +5
Бүгін бірден 6 қалада ауа ластанады
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 2025 жылдың 9 сәуірінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар мен ауаның ластануы Көкшетау, Жезқазған, Балқаш, Ақтөбе, Алматы, түнде Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін елімізде ауа сапасы нашарлаған қалалар саны азайғанын жазған едік.