Бүгін бірнеше өңірде үсік жүреді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 қыркүйекте еліміздің бірқатар аймағында қолайсыз ауа райы болжанып отыр. 

Бүгін бірнеше өңірде үсік жүреді
Фото: freepik

Астанада 14 қыркүйек күні түнде және таңертең тұман түседі. Түнде -2 градус үсік жүреді.

Ақмола облысында түнде және таңертең солтүстікте, оңтүстікте, шығыста тұман болады. Түнде аталған аумақтарда -3 градусқа дейін үсік күтіледі. 

Алматы облысында түнде және таңертең таулы және тауға жақын аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауып, екпінді жел тұрады жылдамдығы 18-23 м/с жетеді. Алматыда түнде және таңертең найзағай, Қонаевта түнде найзағай болжанып отыр.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, батысында жоғары өрт қаупі бар. Атырауда да төтенше өрт қаупі сақталмақ.

Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с. Облыстың басым аумағында, оның ішінде Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында түнде және таңертең солтүстікте, батыста, шығыста тұман түседі. Түнде солтүстік-батыста -3 градус үсік күтіледі. Оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі бар. Қостанайда түнде -1 градус үсік болжанған.

Шығыс Қазақстан облысында солтүстік-батыстан соққан жел шығыста және оңтүстікте 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батыста, солтүстікте, оңтүстікте тұман болады. Түнде батыста және солтүстікте -2 градус үсік күтіледі. Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысында күндіз солтүстікте, шығыста және орталықта жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғып, екпіні 15-18 м/с жетеді. Түнде солтүстік-шығыста -1 градус үсік күтіледі. Батыста және орталықта жоғары, шығыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында шығыста және оңтүстікте солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде батыста -2 градус үсік күтіледі.

Қарағанды облысында түнде және таңертең солтүстікте және шығыста тұман болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде солтүстік пен шығыста -2 градус үсік болады. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай күтіледі. Батыста солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с жетеді. Оңтүстікте жоғары, ал солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар. Ақтауда түнде найзағай болжанған.

Ұлытау облысында солтүстікте, оңтүстікте және орталықта желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі бар. Жезқазғанда 14 қыркүйекте жел екпіні 15 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с дейін жетеді. Аймақта төтенше өрт қаупі бар. Таразда да өрт қаупі сақталып отыр.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстікте, шығыста тұман күтіледі. Шығыста жоғары, ал батыста және оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар облысында түнде және таңертең солтүстікте, батыста тұман түседі. Түнде батыста, солтүстікте және оңтүстікте -3 градус үсік күтіледі.

Жетісу облысында шығыста, орталықта және таулы аудандарда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз Алакөл көлдері маңында 23-28 м/с жетеді. Талдықорғанда күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Айта кетелік Алакөлде жағалауды су шаю қаупіне байланысты төтенше жағдай жарияланған еді.

Соңғы жаңалықтар