Бүгін Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі басталады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы ойындары өтеді. 

Бүгін Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі басталады
Фото: Realmadrid.com

Жарыстың бұл кезеңінде «Реал Мадрид» (Испания), «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Атлетико Мадрид» (Испания), «Боруссия Дортмунд» (Германия) секілді командалар сынға түседі. Негізгі кезеңде олар 1/8 финалға тікелей жолдама алған сегіздіктің қатарына қосыла алған жоқ.

Ақпанның 17-нен 18-не қараған түні сағат 1:00-де «Бенфика» (Португалия) мен «Реал Мадрид» (Испания) кездесуі «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

17 ақпан

«Галатасарай» (Түркия) - «Ювентус» (Италия)

«Боруссия Дортмунд» (Германия) - «Аталанта» (Италия)

«Монако» (Франция) - «Пари Сен-Жермен» (Франция)

«Бенфика» (Португалия) - «Реал Мадрид» (Испания)

18 ақпан

«Карабах» (Әзербайжан) - «Ньюкасл Юнайтед» (Англия)

«Олимпиакос» (Грекия) - «Байер» (Германия)

«Брюгге» (Бельгия) - «Атлетико Мадрид» (Испания)

«Будё-Глимт» (Норвегия) - «Интер Милан» (Италия)

Қарымта ойындар 24 және 25 ақпан күндеріне белгіленген.

Ал негізгі кезеңде үздік сегіздікке іліккен «Арсенал» (Англия), «Бавария» (Германия), «Ливерпуль» (Англия), «Тоттенхэм Хотспур» (Англия), «Барселона» (Испания), «Челси» (Англия), «Спортинг» (Португалия), «Манчестер Сити» (Англия) клубтары бірден ширек финалға жолдама алады. 

Финал 30 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі. 

Айта кетсек, биылғы маусымда қазақстандық «Қайрат» (Алматы) командасы негізгі кезеңге дейін жетті. Онда Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4, Англияның «Арсеналына» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.

Сондай-ақ алматылық «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбековтің сейві Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі үздік ондыққа енді. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум