Бүгін дүниеге келген астаналық сәбилерге Димаштың анасы сыйлық жасады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні дүние есігін ашқан астаналық сәбилердің ата-аналарына сыйлықтар табысталды.

Светлана Айтбаева
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Іс-шара №3 перинаталдық орталықта өтті.

Мерекелік шараға Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Светлана Айтбаева арнайы қатысты.

Мереке күні өмірге келген сәбилер мен олардың аналарына министр Аида Балаеваның атынан құттықтау хаттары мен сыйлықтар табысталды.

Светлана Айтбаева
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Светлана Айтпаева әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің арнайы қолтаңбасы бар сыйлықтарды да тарту етті. Жас аналарға жылы лебіздерін жеткізіп, сәбилерге ұзақ ғұмыр тіледі.

- Іс-шараның негізгі мақсаты рәміздер күнінің маңызын ұғындыра отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру, отбасылық құндылықтар мен жаңа өмірдің бастауын елдік мүддемен байланыстыру болды, - деп түсіндірді ведомстводан.

Светлана Айтбаева
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Айта кетейік, Димаштың жанкүйерлерін оқыған сыныбы, отырған партасы, сабақ үлгерімі қызықтырды.

Соңғы жаңалықтар