Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — 12 сәуірде еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

ауа сапасы
Фото: Pexels

Синоптиктердің мәліметінше, тек Астана және Атырау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

Қазақстандық студенттер әзірлеген жасанды интеллект жобасы Нью-Йоркте жеңіске жетті
Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық студенттер әзірлеген ЖИ жобасы Нью-Йоркте жеңіске жетті