03:35, 13 Ақпан 2025 | GMT +5
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 2025 жылғы 29 қаңтарда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Ақтөбе, Атырау қалаларында күтіледі, — делінген хабарлмада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін Қызылорда облысында 84 экологиялық заңнама талабын бұзу дерегі анықталды.