Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM –  20 мамырда еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады.

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, тек Ақтөбе және Ақтау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар