Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 6 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы қаласында және түнде Атырау қаласында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Алматыда 2040 жылға дейін экологияға әсер ететін 276 кәсіпорын қаладан шығарылады.
Бұған дейін экологиялық талаптарды сақтамаған Атыраудағы компанияға 1,4 млрд теңге айыппұл салынды.
Ал Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы экология заңнамасын бұзған кәсіпорынға 100 млн теңгеден астам айыппұл салды.