Екі қалада метеорологиялық жағдай жайсыз болады

АСТАНА. KAZINFORM -  11 сәуірде еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Бүгін екі қалада метеорологиялық жағдай жайсыз болады
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Синоптиктердің болжамынша, тек Алматы қаласында және түнде Атырау қаласында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар