Бүгін екі мегаполис пен бес қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның бес қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа сапасы
Фото: Pixabay.com

22 ақпанда Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Уральск, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Өскеменде ауа сапасының бұзылғанына бірнеше күн болды.

 

Соңғы жаңалықтар