Бүгін екі мегаполисте ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 16 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, түнде Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бүгін Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды.
Айта кетейік, наурыз айында ғалымдар Алматының ауасында қандай зиянды заттар бар екенін анықтаған болатын.