07:31, 03 Наурыз 2025 | GMT +5
Бүгін ел аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет ел аумағында 3 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Дерекке қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуімен елдің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады.
- ҚР оңтүстігінде жауын-шашын түседі, жаңбыр мен қар жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, орталықта - жаяу бұрқасын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста, орталықта желдің күшеюі күтіледі, - деп жазды синоптиктер.
Айта кетейік, Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқанына жарты ай болады.