Бүгін елдің басым бөлігінде бұрқасындатып, қар жауады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 12 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Уборка снега қар тазалау
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Оған сәйкес, атмосфералық ағындардың өтуімен ҚР аумағының басым бөлігінде бұрқасындатып, қар жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде, елдің оңтүстік-батысында жаңбыр жаууы ықтимал.

«Республиканың шығысында қатты қар жаууы болжанады. Республика бойынша тұман, желдің күшейеді, елдің оңтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ болады»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін елде жылыту маусымы басталғалы 650 үй өртенгенін жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар