Бүгін еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Pixabay.com

«2025 жылғы 27 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қостанай, Көкшетау, Ақтөбе, Астана қалаларында күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК-нің хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске сала кетсек, бүгін еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар