Бүгін еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 18 шілдеде Алматы қаласында, түнде Астана, Петропавл, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Алматыда экологиялық заң бұзған кәсіпорындарға 34 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.
Сондай-ақ «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық тәртіп бұзған 351 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.