Бүгін еліміздің 6 қаласында ауа сапасы ластанған
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 25 қыркүйекте Павлодар, Алматы қалаларында, түнде Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Қарағанды облысында экологиялық заң бұзушылықтарға 57 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Сондай-ақ Атырауда экологиялық тексерісті парамен шешпек болған басшы 270 млн теңге айыппұл арқалады.
Бұған дейін Шымкентте тұрғындар цемент зауытының жұмысына шағымданды.