07:27, 03 Қазан 2023 | GMT +5
Бүгін еліміздің 6 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады
3 қазанда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, тек Өскемен, Риддер, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ түнде Атырау қаласында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.